Жаңалықтар

«Қайрат» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевқа тосынсый жасады

«Қайрат» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевқа тосынсый жасады / Фото: kursiv.media, Рауан Мутаир

17 жастағы Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізіп жатыр. Осыған байланысты клубтың жанкүйерлері оған алғыс айтып, ерекше ризашылықтарын білдірді.

Жанкүйерлер «Еуропа дайын бол! Қазақ баласы келеді» деген Сәтпаевтың бейнеленген алып плакатты көрсетті. Клуб президенті Қайрат Боранбаев Сәтпаевқа ерекше ықылас білдіріп, 58-ойынының құрметіне 58-нөмірлі жейде ұсынды.

Айта кетейік, Бүгін алматылық клуб өз алаңында петропавлдық «Қызыл-Жар» командасына қарсы ойнайды. Бұл матчтан кейін қазақстандық шабуылшы лондондық «Челси» клубына ресми түрде ауысып, мансабын Англияда жалғастырады.

Дастан Сәтпаев биыл 12 тамызда 18 жасқа толады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы Дастан Сәтбаев Forbes тізіміне енген еді