Жаңалықтар

Грант конкурсына құжат қабылдау уақыты белгілі болды

Білім гранттары конкурсына өтініш қабылдау күндері белгілі болды / Фото: shutterstock

Ұлттық тестілеу орталығы білім гранттары конкурсына құжат қабылдау мерзімін жариялады.

Грант конкурсына құжат қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында өтеді.

«Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады«, – делінген хабарламада.

Грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
  • B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуге болады.

Осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін айтқан болатын. Оның айтуынша, биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр.