
Ақордада өткен жиында Тоқаев «Астана медицина университеті» жоғары оқу орнына «ұлттық» мәртебесін беретінін мәлімдеді.
«Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын», – деді президенті.
Сондай-ақ ол университетке ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды.
Ал Қарағанды медициналық университетіне сол оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің аты берілетінін жариялады. Биыл аталған оқу орнына 125 жыл толып отыр.
Екі оқу университет те Қазақстандағы беделді, тарихы терең және көп сұранысқа ие медициналық жоғары оқу орындарының қатарына жатады.
Тағы да оқыңыз: Астанадағы музейге «ұлттық» мәртебесі берілді