
Алматының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды. Ер адам он бірінші қабаттан секіріп кетіп қайтыс болды.
Полиция дерегінше, 37 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен секірген. Оны сол тұрғын үй кешенінің күзетшісі көріп, жедел-жәрдем шақырады.
«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері жетті. Зардап шеккен адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – деп атап өтті полиция департаментінен.
Осыдан он шақты күн бұрын Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен әйел адам құлап кеткенін жазған едік. Ол да оқиға орнында мерт болды, полиция тергеу жүргізіп жатыр.