
Шымкент, Ақтөбе және Атырау қалаларынан Әзербайжан астанасына тікелей әуе рейстері ашылып жатыр.
Бұрын Бакуге ұшу үшін не Алматы, не Астана арқылы қатынау керек болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді.
16 маусымнан бастап Әзербайжанның «AZAL» әуе компаниясы Шымкент – Баку бағытында аптасына 3 рет қатынайтын алғашқы тікелей рейсін бастап та кетті. Бұл жаңалық екі ел арасындағы апталық рейстер санын бірден 33-ке жеткізді.
Таяу уақытта батыс өңірдің тұрғындары да Бакуге тікелей ұша алады. Әуе компаниясы тағы екі бағытты іске қосуды жоспарлап отыр:
- Ақтөбе – Баку — аптасына 3 рет;
- Атырау – Баку — аптасына 4 рет.
Бұл маршруттар туристер үшін жаңа саяхат бағыттарын ашса, кәсіпкерлер үшін іскерлік байланысты жеделдетуге үлкен мүмкіндік.
Бұған дейін FlyArystan Алматы мен Астанадан Ыстықкөлге рейс ашты.