
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Астана» станциясының тоқ тарту кіші станциясында қызметкердің қаза тапқанын растады және жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Астана станциясында қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қаза тапқан адамның электромеханик болып жұмыс істегені хабарланды.
«Қазақстан темір жолы» түсіндіргендей, жазатайым оқиға 14 маусымда болған.
«Жазатайым оқиға фактісі бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тергеу жүргізуге қажетті көмекті көрсетуде және қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Есіл – Арқалық учаскесіндегі теміржол өткелінде пойыз бен трактор соқтығысып, тракторшы қаза тапқанын хабарлаған еді.