Жаңалықтар

Тоқаев Рас-Лаффандағы жағдайдан кейін Қатар Әміріне көңіл айтты

Тоқаев Рас-Лаффандағы жағдайдан кейін Қатар Әміріне көңіл айтты / Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге жеделхат жолдап, елдегі өнеркәсіптік нысанда болған төтенше жағдайға байланысты қолдау білдірді.

Ресми мәліметке сәйкес, Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында қайғылы оқиға орын алып, салдарынан көптеген адам жарақаттанған және бірқатар азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы зардап шеккендер мен олардың жақындарына ниеттестік білдірді.

«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», – делінген Президент жолдаған жеделхат мәтінінде.

Айта кетейік, Рас-Лаффан – Қатардағы ең ірі индустриалды аймақтардың бірі. Бүгін осы аймақта жарылыс болды. Салдарынан 54 адам зардап шегіп, 18 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.