Жаңалықтар

Каспийде теңіз батқан екі адам құтқарылды

Каспийде теңіз батқан екі адам құтқарылды / Фото: Shutterstock

Ақтауда «Солдатский» жағажайында шомылу кезінде суға бата жаздаған ер адам мен әйел құтқарылды, деп хабарлады ТЖМ. Оқиға Ақжелкен шағын ауданында болған.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам мен әйел шомылуға жабдықталған жерде болғанына қарамастан, жағадан шамамен 300 метр қашықтықта болған.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккен екі адамды да құтқарып қалды. Әйелді құтқаруға катамаранда болған куәгерлер де көмектескен.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ер адам мен әйелге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

«ТЖМ ескертеді: тіпті жабдықталған жағажайларда да судағы қауіпсіздік шараларын сақтау және өз күшіңізді асыра бағаламау қажет», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып қайтыс болды. Оның ішінде 16 бала бар.