Жаңалықтар

Тоқаев Словения президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Тоқаев Словения президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словения Республикасының президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Словения басшысын елдің басты ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен ресми түрде құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Өз жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынастардың болашағына тоқталып өтті. Президент бірлескен белсенді іс-қимылдардың арқасында екіжақты көпжақты ынтымақтастық бұдан былай да нығая түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, бұл әріптестік қос мемлекет халқының игілігі мен мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан президенті Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Словения халқына өсіп-өркендеу мен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік Словения елінің басшысы былтыр елімізге ресми сапармен келген еді.