
Қазақстанда қалааралық сапарға шығу үшін жүргізуші немесе автокөлік іздеу әлдеқашан цифрлық форматқа көшкен. Дегенмен, қалаішілік сапарларда бұл процесс жылдамырақ жүрсе, қалааралық тасымалда өзіндік ерекшеліктер бар. Бүгінде осы сегменттегі ең ірі ойыншылардың бірі – inDrive.Қалааралық. Компанияның мәліметінше, тек соңғы бір жылдың өзінде сервис арқылы 24 миллионнан астам қалааралық сапар жүзеге асырылған. Ал Қазақстан бойынша бұл қызметті пайдаланушылар саны 10 миллион асты. Тұтынушылардың әдеттері қалай өзгеріп жатыр және платформаның нарықтағы көшбасшылық позициясын сақтауға қандай шешімдер ықпал етуде – осы туралы айтамыз.
Автокөлікпен қалааралық сапарға шығу – танымалдылықтың сыры неде?
Сарапшылар цифрлық платформалардың қарқынды дамуын бірнеше фактормен байланыстырады.
Біріншіден, бұл платформалардың дамуы халықтың ішкі мобильділігінің артуымен қатар келді. Қазақстанда елді мекендер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, жолаушылар мен жүргізушілерді тікелей байланыстыратын сервистерге сұраныс жоғары болды.

Екіншіден, сапар құнын белгілеудегі икемді тәсіл маңызды рөл атқарды. Көптеген цифрлық сервистерде баға алгоритмдер арқылы автоматты түрде қалыптасса, кейбір платформалар келісімдік модельге бәс тігеді. Бул тәсілдің пионері жолаушы мен жүргізуші сапар шарттарын өзара тікелей келісетін inDrive.Қалааралық қызметі болды.
Сондай-ақ жүргізушіні таңдау мүмкіндігі де маңызды факторлардың біріне айналды. Қалааралық сапарларда жолаушылар үшін тек баға мен бағыт емес, рөлдегі адамға деген сенім де аса маңызды. Сондықтан пайдаланушылар жүргізушінің рейтингіне, пікірлерге және сапарлар тарихына жиі назар аударады.
«Пайдаланушылар өз шешімдерін өздері қабылдағысы келеді: оларға жүргізушіні таңдау, сапар шарттарын талқылау және нақты не үшін төлеп отырғанын түсіну маңызды. Сондықтан біз сервистің келісімге негізделген моделін де, сапарларды жайлы әрі сенімді ететін қауіпсіздік құралдарын да тұрақты түрде дамыта береміз», – деп атап өтті Қазақстандағы inDrive.Қалааралық қызметінің жетекшісі Борис Хван.
Қауіпсіздік – басты басымдық
Сервистің дамуына және оны пайдаланатын адамдар санының артуына байланысты, қауіпсіздік мәселесі inDrive.Қалааралық үшін негізгі басымдықтардың біріне айналды. Платформа сапар бағытын жақындарымен бөлісу, сапар барысын нақты уақыт режимінде бақылау және жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өзара әрекеттесу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін рейтинг жүйесі сияқты құралдарды енгізді.
2025 жылдың желтоқсан айында inDrive.Қалааралық ұзақ сапарлар кезінде жылдамдықты асыру туралы хабарламалар мен жүргізушінің шаршау белгілеріне қатысты ескертулерді іске қосты. Сонымен қатар, компания платформа қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің қайта тіркелуіне жол бермейтін бұғаттау механизмін қолданады.
Компания жұмысының тағы бір бағыты – цифрлық қауіпсіздік. Контентті модерациялау барысында жасанды интеллект құралдары пайдаланылады. Олар күдікті тапсырыстарды анықтауға және платформа ішінде жағымсыз контенттің таралуын шектеуге көмектеседі.
Ортақ мақсат жолындағы мемлекеттік институттармен серіктестік
Бүгінде қауіпсіздік мәселесі жеке компаниялардың жауапкершілік шеңберінен шығып, бизнес пен бейінді ұйымдардың ынтымақтастық нысанына айналып келеді. Бұған мысал ретінде, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы жүргізушілерді нақты уақыт режимінде құлағдар ету мақсатында inDrive.Көлік сервисінің «ҚазАвтоЖол» ұлттық жол инфрақұрылымы операторымен интеграциялануын айтуға болады.

Қауіпсіздікті арттыруға бағытталған тағы бір қадам – WingDriver компаниясымен серіктестік. Оның мақсаты – жүргізушінің жолдағы назарын бөлетін факторларды азайтып, сапар қауіпсіздігін күшейту. Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша қозғалыс кезінде назардың бөліну жағдайлары 70%-ға қысқарған, ал көлік жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану шамамен үштен бірге төмендеген.
Жолаушылар тасымалынан да кең мүмкіндіктер
Цифрлық платформалардың дамуы тек жолаушылар тасымалы нарығына ғана әсер етіп қойған жоқ. Бүгінде көптеген адамдар қалалар арасында сәлемдемелер жеткізу үшін де ыңғайлы көлік сервистерін пайдалануда. Компания деректеріне сәйкес, 2026 жылға қарай inDrive.Қалааралық арқылы Қазақстан бойынша 4 миллионнан астам жөнелтілім жеткізілген. Мұндай мүмкіндік, әсіресе, дәстүрлі логистикалық шешімдер қажетті жылдамдық пен қолжетімділікті әрдайым қамтамасыз ете бермейтін шағын елді мекендердің тұрғындары үшін өте өзекті болып отыр.
Қазақстандағы қалааралық тасымал нарығы цифрлық технологиялар мен тұтынушылардың жаңа талаптарының ықпалымен өзгеруін жалғастыруда. Бағыттарды кеңінен қамтитын, икемді баға белгілеуді және қауіпсіздікке жүйелі көзқарас ұсынатын платформалар сұранысқа ие болып қала береді. inDrive.Қалааралық тәжірибесі дәл осы факторлардың үйлесімі бүгінде нарық өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып, сервистің Қазақстандағы қалааралық сапарлар сегментіндегі көшбасшылық позициясын сақтауға мүмкіндік беріп отырғанын көрсетеді.