Жаңалықтар

Қытайдың тағы да бір көлігі Қазақстанда шығарылады

Фото: autochinakz
Фото: autochinakz

Қытайдың тағы да бір көлігі Қазақстанда шығарыла бастайды. Әңгіме Li Auto компаниясының автокөліктері тура болып отыр.

«Қытай автомобильдері» ақпаратына қарағанда, премиум брендтің өндірістік серіктесі ретінде көпбрендті Allur зауыты таңдалды.

Li Auto мен Allur арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Соның аясында Қостанайдағы автокөлік құрастыру кешені қытайлық брендтің шетелдегі алғашқы өндірістік серіктесіне айналмақ.

Алғашқы кезеңде L-сериясындағы үш гибридті кроссовер – L6, L8 және L9 модельдерін шығару жоспарланып отыр. Бұл – жақында ғана Қытай нарығында таныстырылған жаңартылған модельдер.

Айта кететін жайт, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 45 260 автокөлік өндірілді.Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,8%-ға артқан.