
Алматыдан Астанаға ұшып шыққан «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы әуежайға кері қайтты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақты елордаға және Қарағандыға қондыру әрекеттері жасалған. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты бұл мүмкін болмады. Ұшақ ұшып шыққан әуежайына мәжбүрлі түрде кері оралды. Жолаушылардың мәліметінше, олар ұшу үстінде үш сағаттан астам уақыт өткізген.
Қазіргі уақытта рейс ұшуға дайындалып жатыр.
«Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Алматыға кері қайтты. Қазірдің өзінде Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда күн бұлтты, қатты жаңбыр жауып жатыр. Ал Астанада күн қалыпты жағдайда.