Lifestyle

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі кімдерден қарғыс естіп жүргенін айтты

Фото: instagram
Фото: instagram

Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы алдыңғы буын өкілдеріне өкпесін білдірді.

Оның сөзіне қарағанда, егде тартқан әйелдердің ішінде әлеуметтік желі арқылы қарғыс айтып, негатив жазатындар көп.

«Қазіргі жастар өте ақылды. Саналы. Біреудің жеке шекарасына кірмейді. Көздері ашық, көкірегі ояу. Ойларын саралай алады. Қай нүктеден қай нүктеге дейін шамасы келетінін және қалай жету керегін білетін жастар», – деп жазды Айман Талғатқызы. 

Тұрсынбек Қабатовтың жары «самайына ақ түскен апайлардың» әрекетіне өкініш білдіретінін айтты.

«Маған негатив, қарғыс, ұятсыз сөздер жазатындардың 90 пайызы – апа, ене, құдағилар. Иә, өздері кезінде таяққа, сатқындыққа, жоқтыққа, амалсыздыққа көніп, енді ішіндегі тырналаған жараның жанына батқанын кімнен аларын білмейді», – дейді ол. 

Айман Талғатқызының пікірінше, оларға бала-шағасы «осы тыныш отырсыншы» деп айфон әперіп қойып, кімге не жазарын білмей «құсып отырған біреулер».

«Не айналаға тыныштық жоқ, не келінге тыныштық жоқ. Не ортасы жоқ. Өзінің қателігін өзгеден көретін бір тірі жандар әйтеуір», – деп ренішін білдірді Тұрсынбек Қабатовтың әйелі.

Мұның алдында ол неліктен бренд киім кимейтінін түсіндірген болатын.