Жаңалықтар

Маңғыстауда Бекет атаға кетіп үш тәулікке жоғалған зияратшылар табылды

полиция
Маңғыстауда Бекет атаға кеткен зияратшылар үшінші тәулік бойы іздестірілді / Фото: ІІМ

Маңғыстау облысында жерасты Бекет Атаға мешітіне барғаннан кейін жоғалып кеткен үш азамат табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғалғандар мінген автокөлік Қыдырша ата жерінен шамамен 35 шақырым жердегі баруы қиын жерден табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік батпақты жерге тұрып қалған, соның салдарынан адамдар жолды өздігінен жалғастыра алмай, байланысқа шыға алмаған.

Өңірлік Lada.kz басылымы жоғалған азаматтардың аты-жөнінде жазған. Олар 34 жастағы Қанатбек Жұбатқанов, 31 жастағы Ақмарал Бисенова және 20 жастағы Мархабат Бисенова.

Олар соңғы рет 2 шілдеде күндіз байланысқа шығып, қасиетті жерден видео жіберген, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарында тікұшақтар, арнайы техника және қажетті жабдықтар қолданылуда. Іздеу бір уақытта бірнеше бағыт бойынша барынша көп күш пен құралдарды тарта отырып жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады аймақтың полиция департаменті.

Айта кетейік, Астанада биыл 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен. ІІМ ақпаратына қарағанда, олардың арасында кәмелетке толмағандар, ересектер және қарт адамдар бар. Кейбір азаматтар балық аулауға немесе серуендеуге шығып, кейін байланысқа шықпай қалады.