
Қазақстанда Nordcross брендінің екі жаңа электрлі моделі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) көлік құралы типін мақұлдау сертификатын (ОТТС) алды.
Қытай көліктерінің мәліметінше, бұл құжат аталған модельдерді ЕАЭО елдерінде сатуға мүмкіндік береді.
Сертификатталған модельдер – Nordcross S01 кроссовері мен Nordcross N01 лифтбегі. Олар Lotus Eletre және Lotus Emeya платформалары негізінде жасалған.
Nordcross S01
S01 – ұзындығы 5103 мм болатын ірі электрлі кроссовер. Ол 4 немесе 5 орындық нұсқада ұсынылады.
Көлік екі түрлі күштік қондырғымен жабдықталады: екі электрқозғалтқыш – 612 ат күші; үш электрқозғалтқыш – 918 ат күші.
Екі нұсқа да 112 кВт·сағ батареямен жабдықталған. Бір қуаттаумен 490-530 шақырымға дейін жүре алады.
Nordcross N01
N01 – ұзындығы 5139 мм болатын электрлі лифтбек. Оның да 4 және 5 орындық нұсқалары бар.
Модельдің техникалық сипаттамалары S01-ге ұқсас. Атап айтқанда, 612 немесе 918 ат күшіне ие электрқозғалтқыштар; 102 кВт·сағ батарея; бір қуаттаумен 480–525 шақырымды бағындырады.
Ресейге сатылады
Сарапшылардың пікірінше, бұл модельдер Қазақстанда сертификатталғанымен, негізінен Ресей нарығына шығарылуы ықтимал. Себебі Nordcross жобасы Ресей нарығына бағытталған.
Қазір Ресейде Nordcross 001 гибридті кроссовері сатылып жатыр. Оның бағасы 7,13 млн рубль (шамамен 43,6 млн теңге). Ал Қазақстанда ресми сатылатын Lynk & Co 09 бағасы 25,69–28,49 млн теңге аралығында.
Айта кететін жайт, Қытайдың тағы да бір көлігі Қазақстанда шығарылмақ.