Жаңалықтар

«Қайрат» – «Сутьеска» ойынын қайдан көруге болады

коллаж: kursiv.media

Бүгін, 8 шілде күні сағат 20:00-де, Алматыдағы Орталық стадионда отандық футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен кездесу өтеді. Алматылық «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1-ші іріктеу кезеңі аясында Черногорияның «Сутьеска» ұжымына қарсы жаңа еурокубок маусымының шымылдығын ашады.

Матчты қайдан көруге болады?

«Қайрат» футбол клубының УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарын көрсетудің эксклюзивті құқығына Freedom SuperApp қосымшасындағы «Freedom Кино мен ТВ» онлайн-кинотеатры ие болды.

Тікелей трансляция ойынның басталуына 10 минут қалғанда, яғни сағат 19:50-де «Freedom Кино мен ТВ» бөлімінде басталады. Сондай-ақ клубтың 1-ші және 2-ші іріктеу кезеңіндегі барлық кездесулері қолжетімді болмақ.

Трансляцияны екі түрлі тәсілмен тамашалауға мүмкіндік бар:

  1. Мобильді құрылғы арқылы: Смартфоныңызға қосымшаны жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
  2. Smart TV арқылы: Алдымен телефондағы қосымшаға тіркеліп алсаңыз, сервис теледидарда да іске қосылады. Осылайша тартысты ойынды үлкен экраннан көре аласыз.

Бұдан бөлек теледидардан QazSport арнасы да көрсетеді.

Еске сала кетейік, былтыр «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өтіп, турнирдің жалпы кезеңінде «Реал Мадрид», «Интер» және «Арсенал» сияқты алпауыттармен кездескен еді.

Жақында, Freedom Кино платформасында «Қайраттың» дәл осы чемпиондар лигасындағы тарихи жолы туралы деректі сериал шыққан еді.