
Қазақстан қор биржасында 8 шілде күні ірі облигациялар орналастырылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры KASE арқылы 51,35 млрд теңге тартты. Облигациялардың айналыс мерзімі 2041 жылға дейін белгіленген.
KASE мәліметінше, орналастыру көлемі толық орындалған. Бағалы қағаздардың басым бөлігін институционалдық инвесторлар сатып алды – олардың үлесі 92,2%. Бұл нарықта теңге түріндегі ұзақ мерзімді құралдарға сұраныс бар екенін көрсетеді.
Сол күні «Бәйтерек» ұлттық холдингі де халықаралық облигацияларын қосымша орналастырып, $32,7 млн тартты. Бұл облигациялар бойынша кірістілік жылдық 5,45% деңгейінде қалыптасты.
Тағы да оқыңыз: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры AIX алаңында 1 млрд доллар облигация орналастырды.