Жаңалықтар

Нобель сыйлығының 44 иегері Зеленский мен Путиннен соғысты тоқтатуды сұрайды

Фото: Rodrigo Freitas / EPA

Бейбітшілік сыйлығының иегері, «Новая газета» басылымының экс-редакторы Дмитрий Муратов Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге арнап үндеу жасады. Оған тағы 44 Нобель сыйлығының иегері қол қойған.

Қол қойғандар арасында Нобель сыйлығының химия саласы бойынша 13 лауреаты, физикадан 14, физиология мен медицинадан 7, әдебиеттен үш және экономикадан тағы бір иегері бар.

Одан бөлек үндеудің астына мыңдаған адам қол қойған.

«Құрметті президент мырзалар! Ресей-Украина майданындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданатын ұрыс қимылдарының сипаты ондаған жаралы сарбазды ұрыс даласынан эвакуациялауға мүмкіндік бермей отыр. Оларды құтқару жөніндегі Женева келісімдері сақталмай жатыр. Эвакуациялық топ жаралылар мен қаза тапқандарды алып шығуға әрекеттенген кезде оққа ұшып жатыр…

….Біз алдымен мәйіттерді алып кету үшін және жаралыларды құтқару үшін оқ атуды тоқтатуды ұсынамыз. Кей сарбаздардың денелері апта бойы көмілмей қалып жатыр. Бұл гуманистік қадам екі ел азаматтары тарапынан да қолдау тауып, бейбіт процеске жасалған бастама болады деп үміттенеміз», – деп жазылған хатта.

Әзірге Ресей және Украина басшылары хатқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де Путинге арнап хат жазған. Онда өзгелерді араластырмай, соғысты өз арамызда бітірейік деген ұсыныс тастаған.

Бірақ Путин оның ұсынысын қабылдамай, кездесуден бас тартты.