
Қазақстандағы қатты ыстық кем дегенде тағы бір апта бойы сақталады. Дегенмен, аптап ыстықтан кейін көптен күткен салқын ауа райы келуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.
Алдағы аптада Қазақстанда ауа райы қандай болады
- 11 шілдеде Ақмола облысында күндіз +40°C-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
- 11 және 12 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында +42°C-қа дейінгі рекордтық ыстық күтіледі.
- 11, 12 және 17 шілдеде Атырау облысында күндіз +42°C-қа дейін өте қатты ыстық болады.
- 11-13 маусым аралығында Қостанай облысында күндіз +40°C ыстық күтіледі.
- 11-15 шілде аралығында Ұлытау облысында +41°C-қа дейін қатты аптап ыстық күтіледі.
- 11-17 шілде аралығында Алматы облысында күндіз +42°C-қа дейін өте қатты ыстық болжанады.
- 11-17 шілде аралығында Жетісу облысында +42°C-қа дейін аномальді ыстық күтіледі.
- 11-17 шілде аралығында Маңғыстау облысында күндіз рекордтық +46°C-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
- 11-17 шілде аралығында БҚО-да күндіз +41°C өте қатты ыстық күтіледі.
- 12-17 шілде аралығында Қызылорда облысында күндіз +45°C-қа жуық өте қатты ыстықты күту керек.
- 12-17 шілде аралығында Қарағанды облысында күндіз +40°C қатты ыстық болжанады.
- 15-16 шілде аралығында Жамбыл облысында +44°C-қа дейін өте ыстық болады.
- 16 шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы рекордтық +46°C-қа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар, 18 шілдеден бастап Қазақстанда температура біртіндеп төмендей бастайды. Астанада күн +24°C-қа дейін салқындауы мүмкін, ал максималды көрсеткіштер +26°C-тан аспайды.