Жаңалықтар

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр: 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр: 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы / фото: kursiv.media

«Қазгидромет» РМК 12 шілдеге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Оған сәйкес елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанды. Түнде және таңертең елдің батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында 35-43 градус аптап ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында 40-45 градус аптап ыстық болады деп болжануда.

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты, әсіресе орманды және далалы аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мәселен, 10 шілдеде мемлекеттік орман қоры аумағында бірден бес орман өрті тіркелді.