
Атырауда Қарабалиндердің қазасына қатысты істі қараған судья Зарема Хамидуллина сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевті не себепті өмір бойына соттағанын түсіндірді.
Сөзінше, Сәрсемәлиевтің ақыл-есі дұрыс, жоспар құрып, төрт адамды бірдей қасақана қазаға ұшыратқан.
«Сотталушы Сәрсемәлиевтің 2025 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін төрт адамды бірдей қасақана қазаға ұшыратқаны, олардың өлтіргеннен кейін алаяқтық, ұрлық, жеке куәліктерін жымқыру секілді бірнеше құқық бұзушылық жасағаны, жәбірленушілердің мүліктерін талан-таражға салғаны, несие рәсімдегені, ауыл тұрғындарын қаза болған Наурыздың атынан алдап, хабарламалар жазып, малын сатып жібергені толықтай дәлелін тапты», – деді судья.
Айта кетейік, Сәрсемәлиев жазасын қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтейді.
