
16 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында бір мезгілде 11 орман өрті тіркеліп, жағдай күрделене түсті. Аптап ыстық пен құрғақ ауа райы салдарынан барлық шұғыл қызметтер мен жауапты ведомстволар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Өңірлердегі ахуал: Өрт қай жерлерде тұтанды?
Бүгінгі таңда табиғи өрт ошақтары келесі аймақтарда бақылауға алынған:
- «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты (МОТР): 6 өрт ошағы тіркелді. Мамандардың мәліметінше, жалынның тұтануына негізінен найзағай разрядтары себеп болған. Қазіргі уақытта аумақты толық тексеру, өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
- «Семей орманы» МОТР: 4 өрт ошағы анықталды.
- Қарағанды облысы: 1 өрт ошағы тіркелді.
«Семей орманындағы» ірі өртті сөндіру барысы
«Семей орманы» резерватындағы алапат өртті ауыздықтау үшін орасан зор күш пен техника жұмылдырылды:
- Жеке құрам мен техника: Өрт сөндіруге 600-ден астам адам және 148 бірлік жерүсті техникасықатысуда.
- Әуе авиациясы: Апат аймағында 7 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Олар әуеге 123 рет көтеріліп, өрт ошақтарына жалпы көлемі 157 тонна су төкті.
Республика аумағындағы тілсіз жаудың таралуын болдырмау және оны тезірек оқшаулау үшін бірлескен ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл шараларға келесі құрылымдар атсалысуда.
Еске салайық, дәл қазір Абай облысында «Семей орманындағы» өртте сөндіріліп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Абай облысына ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аттанды. Олар өртті жою жұмыстарын оқиға орнында үйлестіруде.