
Өрт сөндіру кезінде авиация жұмысын қамтамасыз ету үшін бюджеттен қанша шығын жұмсалатынын Мемлекеттік бақылау, орманды күзету және қорғау басқармасының өкілдері айтып берді.
Бір ұшу сағатының орташа құны 2-2,5 млн теңгені құрайды. ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, ешқандай ақша адам өмірімен теңесе алмайды.
«Біздің міндетіміз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Семей орманында» басты міндет орындалғанын – өрттің елді мекендерге таралуына жол берілмегенін айтып отырмыз. Олар дәл сол жерде, орман алқабына іргелес орналасқан. Және тікелей қауіп төнді. Тек жедел әрекеттердің арқасында ғана бұған жол берілмеді», – деді Төрегелдиев брифинг барысында.
Бұған дейін Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» резерватындағы орман өртіне байланысты қызметтік тергеу жүргізетіні белгілі болған еді.