
Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 3-курс курсанты Шыңғысхан Шынтеміров дрондарға қарсы құрал ойлап шығарды.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, құрылғының көлемі шағын. Ол дұшпан дрондарының ұшуына кедергі жасай алады.
Аталған құрылғы қарсыластың басқару және байланыс арналарын басуға арналған. Оның мүмкіндіктері арқылы дрондар мен Wi-Fi желілерінің жұмысын бұғаттауға болады.
«Бұл оқуды таңдаған себебім, әскери адам болуды армандадым. Форма киюді әкеме қарап үлгі еттім. Қазіргі таңда сол арманыма жетіп, қалаған мамандығымда оқып жатырмын. Ойлап тапқан өнертабысымның өзі мамандығыма байланысты болып келеді», – деді курсант.
Оның айтуынша, құрылғы 2,4-2,5 жиілігінде жұмыс істейді. Осы желіде жұмыс істейтін қару-жарақты, техниканы істен шығарады.
Айта кететін жайт, 20 шілде күні Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалындағы танкерге тағы да дрон шабуыл жасаған болатын.