Жаңалықтар

Астанада көлік тұрғын үйдегі дүкенді қиратты

Астанада көлік тұрғын үйдегі дүкенді қиратты / Фото: kursiv.media

Астанада жеңіл автокөлік Сарайшық ауданындағы А. Бөлекпаев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатында дүкенді қиратты.

Оқиға бүгін кешкі 18:30 шамасында орын алған. Куәгерлер жолдаған видеодан Бөлекпаев көшесіндегі «Аяла жемістер» дүкеніне автокөліктің кіріп кеткенін көруге болады. Куәгерлер көлікті жылжытып, дүкенге кіретін жолды ашқан.

Оқиға орнында кемі бір адамның жараланғанын да көруге болады. Себебі Жедел жәрдем көлігі жаралы бір адамды алып кеткен.

Kursiv.Media оқиғаға қатысты толық мәлімет алу үшін Астана қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Материал жария болған кезге дейін полициядан жауап келмеді.