
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Құрама Штаттарға сапары барысында жасанды интеллект мәселелері талқыланады.
Трамп ҚХР басшысы АҚШ-қа 2026 жылғы 24 қыркүйекте келеді деп отыр. Айта кетейік, Ақ үй басшысы биыл наурыздың ортасында Бейжіңге сапарлап, сол кезде Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырған.
«Президент Си Цзиньпин 24 қыркүйекте келеді. Біз Бейжіңде жасанды интеллект мәселелерін талқылаған едік. Біз осы мәселені тағы да талқылаймыз», – дейді Трамп. Оның мәлімдемесін Reuters таратты.
Осы аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қытай сыртқы істер министрі Ван И кездесіп, жоғары деңгейдегі сапар мәселелерін қарастырған.
АҚШ пен Қытай басшыларының кездесулері «сауда соғысын» шешуге көмектеседі. Әлемнің екі ірі экономикасының қарым-қатынасы әсіресе 2025 жылы қатты суып, ол бүкіл әлемдегі жағдайға кері әсер еткен.
Бір күн бұрын АҚШ қазақ тауарларына 12,5% көлемінде қосымша импорттық баж салығын енгізді. Жаңа тариф 2026 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енді.