Жаңалықтар

Үнді жастарының ереуілі кезінде автомат қолданған полицей қызметінен алынды

Үнді жастарын қуып бара жатқан полиция қызметкері
Жастар ереуілі емтихан жауаптарының таралып кетуінен басталды / фото: REUTERS/Sonu Kishan

Үндістан билігі демалыс күндері студент жастардың ереуілін күшпен тарату барысында әуеге оқ атқан полицейді қызметтен алды. Бұған дейін Нью-Дели оқу министрін жұмыстан шығарған.

Қару қолдану оқиғасы сенбі, 25 шілде күні елдің шығысындағы Сиван қаласында (Бихар штаты) болған. Өздерін тарақандар деп атайтын жастар қозғалысы барысында бір шенді Калашников автоматымен үш мәрте әуеге оқ атқан. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Дегенмен билік оның әрекетін орынсыз деп атап, қару қолданған полицейді қызметтен алды.

Айта кетейік, Үндістанда жастар мен студенттер ереуілі маусым айынан бері өршіп тұр. Толқуға емтихан жауаптарының тарап кетуі себеп болды. 25 шілдеде премьер-министр Нарендра Моди үкіметі оқу министрін қызметтен алуға мәжбүр болды. Өйткені Тарақан жастар қозғалысының бес аптаға созылған ереуілдері бүкіл елге тарап барады. Бұған дейін жастарға Индира Гандидің екі немересі қолдау көрсетіп, үкіметтің қызметтен кетуін талап еткен.