
«Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаевтың тұңғыш қызы Алуа Құранды толық жаттап, хафиза атанған.
Бұл жайт актердің отбасында үлкен қуаныш ретінде аталып өтті. Мадияр Серікбаев Алуаға пентхаус сыйлады.
«Алуатайға кішігірім баспана сыйлайын деп отырмыз. Сертификат иесі – Серікбаева Алуа. Алматы қаласының Жайсан тұрғын үй кешенінен өзіңе баспана», – деп, әкесі қызына пентхаус сертификатын табыстады.
Қымбат сыйлыққа разы болған Алуа қуаныштан көз жасына ерік берді. Мадияр Серікбаев бұл үйде бәрі бірге тұратынан айтып, қызын да, жұртты да ду күлдірді.
Мұның алдында «Өнер қырандарындағы» Мадияр Серікбаевқа әйелі Дана Тұрарбек қымбат Li автокөлігін сыйлаған болатын.