Экономика

30 шілде күнгі сауда-саттықта теңге нығайды

30 шілдеде Астана уақытымен сағат 15:30-дағы аралық қорытынды бойынша доллар 474,63 теңгеге дейін арзандады/ фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Осы аптада KASE-дегі USD/KZT бағамы құбылмалы болды. Дүйсенбі, 27 шілдеде USDKZT_TOM бойынша сауда 473,76 теңгемен жабылды.

28 шілде, сейсенбіде доллар бірден 3,23 теңгеге қымбаттап, жабылу бағасы 476,99 теңгеге жетті. Ал сәрсенбі, 29 шілдеде бағам тағы 0,02 теңгеге өсіп, 477,01 теңгені құрады.

Бейсенбі, 30 шілдеде Астана уақытымен сағат 15:30-дағы аралық қорытынды бойынша доллар 474,63 теңгеге дейін арзандады. Бұл алдыңғы күннен 2,38 теңгеге төмен. Алайда USDKZT_TOM бойынша негізгі сауда 17:00-де аяқталатындықтан, бұл күннің нақты жабылу бағасы әлі қалыптасқан жоқ.

Осылайша, сәрсенбінің жабылу қорытындысы бойынша доллар апта дүйсенбіден бері 3,25 теңгеге немесе 0,69%-ға қымбаттады.

Тағы да оқыңыз: Жыл басынан бергі теңгенің өзгерісі (видео-инфографика)