Экономика

Халық тұтынушылық несие алуды азайтқанымен, көлікті кредитке мініп жүр

Автонесие қарқыны артты / Фото: shutterstock

Қазақстандықтар тұтынушылық несие алу қарқынын баяулатты. Оған кредит берерде бұған дейін қанша несие алғанын есептеу, кепілсіз қарыздың ең жоғары сомасын белгілеу, үш айдан бері кредитін төлемеген азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге тыйым салу әсер еткен.

Тұтынушылық несие алу азайғанымен, автонесие нарығы қызып тұр. 2026 жылдың үш айында қазақстандықтар банктерге автонесие алуға 1,2 миллион өтінім жолдаған. Бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Ұлттық банк енді осы мәселені қолға алмақ.

«Бөлшек кредит беру нарығындағы жағдайға мониторинг жалғасады. Қарыз түрлері (автокредиттеу, ипотека, кепілсіз қарыздар) бойынша қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентіне (КБК) мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ шекті мәндер белгіленбей, қарыз алушылардың жиынтық берешегіне мониторинг жалғасады», – делінген хабарлама.

Қажет болғанда, бөлшек кредит беру сегментіндегі жағдай ушықса, Ұлттық Банк қарыздың жекелеген түрлері және жиынтық берешек бойынша борыш коэффициентіне сараланған шекті мән белгілеуі мүмкін.

Дегенмен отандық көлік өндірісін қолдау үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автонесие талаптарының қатаңдағанын қаламайды. Сала министрі Ерсайын Нағаспев осы мақсатта автолизинг пен автонесие тетіктерін жетілдіру қарастырылып жатқанын мәлімдеген.