Жаңалықтар

ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады

shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

2026 жылы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.

ҰҚК ақпаратына қарағанда, оларға ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жұмыс істеген деген күдік келтіріліп отыр. Телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеруде.

«Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды», – делінген ақпаратта.

Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Мұның алдында Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген шетелдіктер ұсталған еді.