Жаңалықтар

Wildberries иесі: Ондаған мың кәсіпкер миллиардтаған шығынға батты

Татьяна Ким кәсіпкерлер шығынға батты дейді / Фото: shutterstock

Соңғы екі аптада Wildberries маркетплейсінің қоймаларына дрон түсіп, өртеніп жатыр. Компания негізін қалаушы Татьяна Кимнің айтуынша, соның салдарына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан және Қытайдың ондаған мың кәсіпкері миллиардтаған теңге шығынға батқан.

Қауіпсіздік қалай сақталып жатыр

Татьяна Ким маркетплейс нысандарына жасалған соққыларды террористік шабуыл деп бағалады.

Оның сөзінше, бұл шабуылдардың жиілеуі компанияның халықаралық нарықтағы ауқымымен тікелей байланысты. Осыған қарамастан, Wildberries қорғаныс

Өтемақы төлене ме

Заң бойынша, дрон шабуылдары «форс-мажор» жағдайына жатады. Сондықтан маркетплейс келісімшарт ережесіне қарамастан, шығынды өтеп беруге міндетті емес. Тауарлары өртенген сатушыларға көмектесу үшін Wildberries Ресей үкіметпен бірлесіп арнайы қолдау бағдарламасын әзірлеген.

Сонымен қатар, Татьяна Ким Украина тарапынан айтылған «Wildberries әскери бағыттағы тауарларды сатумен айналысады» деген айыптауларды толықтай жоққа шығарды.

Бұған дейін Wildberries Қазақстандағы бос қоймалардың бәрін жалға алуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Алайда Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясынан ресми өтініш әлі түспегенін мәлімдеді.