
Белгілі тележүргізуші әрі актриса Аша Матай әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бейнежазбасын өшіріп тастады.
Бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды командасымен бірге ашық дебатқа шақырған болатын. Алайда тележүргізуші бұл ұсыныстан бас тартып, «Еркектермен сөз таластыруға тәрбием жібермейді» деген мазмұнда жауап видео жариялаған еді.
Аталған жауап видеосы жарияланғаннан кейін қоғамда түрлі пікірлер туындады. Енді, арада өте аз уақыт өткенде Аша Матай бұл видеоны өз парақшасынан өшіріп тастағаны белгілі болды.

Аша Матай тарапынан видеоны не себепті өшіргені туралы ресми түсініктеме берілген жоқ. Алайда, бұған дейін, Аша Матай депутаттықтан бас тартпай, соңына дейін баратынын айтқан еді.