
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында марқұмның өнегелі өмір жолы мен перзент тәрбиесіндегі орнын ерекше атап өтті:
«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, осыған дейін Шавкат Рахмонов әкесі 2 тамызда көз жұмған. Бақтыбай Рахманұлы 66 жасында дүние салған.
Қарағандыда бейсенбі күні марқұмның рухына Құран бағышталып, ас берілетінін хабарлады. Кейін бұл ақпарат шетелдік басылымдарда да жарияланды.