
«ҚазАвтоЖол» осы жылдың алғашқы алты айына сараптама жасап, республикалық маңызы бар ақылы трассалардағы ең сұранысқа ие бағыттарды анықтады.
Жол ағыны бойынша көшбасшысы – Алматы – Қонаев учаскесі. Жеті айда бұл жолмен 7,1 млн-нан астам автокөлік қатынаған (жалпы трафиктің 16%-ы). Тәулігіне орта есеппен 33,7 мың көлік өтеді. Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өзбекстан шекарасына қарай созылған төрт бағыт та үздіктер қатарында. Бұл маршрутпен 15,2 млн көлік жүрген.
Ал Астанадан шығатын трассалардың ішінде ең көп жүктеме Теміртау (2,3 млн) мен Щучинск (2,2 млн) бағыттарына түскен.
Ақылы жолдардағы көлік қозғалысының ТОП-10 бағыты:
- Алматы – Қонаев – 7 149 537
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 5 463 475
- Шымкент – Тараз – 3 784 782
- Тараз – Қайнар – 3 289 935
- Шымкент – Қызылорда – 2 736 666
- Астана – Теміртау – 2 293 893
- Астана – Щучинск – 2 219 653
- Қонаев – Талдықорған – 2 178 708
- Тараз қаласының айналма жолы – 1 644 729
- Қостанай – Денисовка —-1 535 147
Ал Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Күрті және Талдықорған – Өскемен учаскелерінде ақылы режим тек 2026 жылдың шілде айының ортасында ғана енгізілді. Сол себепті бұл жолдардың көрсеткіштері әлі толық емес.
Оқи отырыңыз: «ҚазАвтоЖол» ақылы жол тарифін басқа елдермен салыстырды. Баға өсуі мүмкін бе?