Қазақстанда картоп, қырыққабат пен алма арзандады

Қазақстанда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Бір апта ішінде картоп, ақ қырыққабат, алманың құны арзандады. Бұл туралы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі мәліметтерінде көрсетілген, деп жазады Kursiv.Media.
Картоп бағасы түсіп жатыр
Есепті аптада картопта бағасы айтарлықтай төмендеді. Оның бағасы бір аптада 4,2%-ға арзандаған.
Сондай-ақ ақ қырыққабат 1,2%, алма 1,1%, пияз және сәбіз 1%-ға төмендеді.
Осылайша, көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері көп арзандаған.
Сүт өнімдері мен ұн да арзандады
Басқа азық-түлік тауарларының бағасы да аздап төмендеді. Атап айтқанда, қатты және жартылай қатты ірімшік 0,3%-ға арзандады.
Майлы сүзбе мен тұздың бағасы 0,2%, ал бірінші сұрыпты бидай ұны мен қаймақтың бағасы 0,1%-ға төмендеді.
Бірқатар өнімнің бағасы өзгермеді
Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бір бөлігінде баға өзгерісі тіркелген жоқ.
Атап айтқанда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан, макарон өнімі, сүйекті және сүйексіз сиыр еті, жылқы еті, сондай-ақ пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүттің бағасы бір апта ішінде өзгеріссіз қалды.
Сондай-ақ жұмыртқа мен сары май бағасында да өзгеріс болған жоқ.
Осыдан бір ай бұрын керісінше қырыққабаттың бағасы айтарлықтай қымбаттап, қызанақ пен қияр арзандаған.