«Бұл – тек бастамасы»: Нұрай Серікбайдың ағасы видео жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Нұрай Серікбай Шымкентте қайтыс болды/фото: Instagram, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Нұрай Серікбайдың ағасы әлеуметтік желіде видео жариялап, қарындасына қатысты істі аяғына дейін жеткізетінін мәлімдеді. 

«Әлі апелляция, кассация, тергеушінің соты бар. Істі аяғына дейін жеткізген жоқпыз, бұл – тек бастамасы», – деді Сұлтан Серікбай.

Ол сондай-ақ президенттен бастап, прокуратура, ІІМ басшыларына алғыс айтты. 

Нұрай Серікбай ісі

Бұған дейін Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Сот Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-бабының 1-бөлігі ( «некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-бабының 2-бөлігі («сталкинг») бойынша толық кінәлі деп тапты. 

Сондай-ақ оқыңыз