Шымкентте «қыз алып қашқан» екі жігітке қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Қылмыстық іс қозғалды / Фото ЖИ көмегімен жасалған

Шымкентте екі ер адам «қызды некеге тұруға мәжбүрледі» деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Қала полициясының хабарлауынша, қызды қаладағы демалыс орындарының бірінен еркінен тыс алып кетіп, некеге тұруға мәжбүрлеген. 

Содан кейін Шымкент қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады.

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде екі күдіктінің жеке басы анықтады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Әлеуметтік желіде жігіттің туыстары жағдайға қатысты өз нұсқасын айтып жатыр. Олардың сөзінше, қыз жігітпен 9 ай бойы қыз-жігіт болып кездескен. Артынша тұрмысқа шығуға өз еркімен келіскен. 

Алайда «мені алып қашты» деп арызданып, шағымын қайтарып алу үшін 5 млн теңге талап еткені айтылды.

View on Threads

Нұрай Серікбай ісі

Бұған дейін Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды.

Сот Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-бабының 1-бөлігі ( «некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-бабының 2-бөлігі («сталкинг») бойынша толық кінәлі деп тапты.

Сондай-ақ оқыңыз