АПЛ төрешісі «Қайрат» мен «Андерлехт» арасындағы ойында қазылық етеді

УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен бельгиялық «Андерлехт» арасындағы алғашқы және қарымта кездесулерге төрешілер бригадасын тағайындады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
20 тамыз күні Алматыда өтетін алғашқы ойында ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) танымал төрешісі Крис Кавана бастаған қазылар алқасы қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниэл Кук пен Иан Хассин ассистенттік етеді. Төртінші төреші – Роберт Джонс. Ал VAR жүйесіне Стюарт Эттуэлл, оның көмекшісі болып Мэттью Донохью жауап береді.
Крис Кавана бұған дейін де Алматыға келген. Ағылшын төрешісі былтыр Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өткен «Қайрат» – «Пафос» кездесуінде қызмет еткен еді.
Ал 27 тамыздан 28 тамызға қараған түні Брюссельде өтетін қарымта матчты норвегиялық төрешілер бригадасы басқарады. Бас арбитр болып Эспен Эскос тағайындалды. Оған Ян-Эрик Энган мен Исаак Элиас Башевкин көмектеседі. Төртінші төреші – Сигурд Крингстад. Бейнекөмекші (VAR) міндетін шотландиялық Эндрю Даллас пен оның ассистенті Кевин Клэнси атқарады.
Еске сала кетейік, 20 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін «Қайрат» – «Андерлехт» ойынына билеттер сатылымға шыққан еді.