«Ешкімге айып таққым келмейді» – Ұлдана Мырзуанның анасы
Жарияланды

Астана сотында Ұлдана Мырзуан қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. Марқұмның анасы Сәлима Ешанқұлова бәрі сот барысында шешілетінін, күйеубаласы сенімін ақтамағанын тағы бір айтып өтті, деп жазады Kursiv.Media.
«Әділдік орнаса деймін. Ешкімге жаза сұрап, айып таққым да келмейді. Әділетпен сөйлескен жоқпын. “Жәбірленуші» статусынан бас тартатынын журналистерден естіп отырмын. Ол басында уәде берген: «басынан аяғына дейін қиянат жасамаймын» деді. Сенімімді ақтамады”, – дейді Сәлима Ешанқұлова.
Айтуынша, Әділет Зейнел сот басталар кезде Ұлдана Мырзуанның туыстарымен сөйлеспеген.
«Бөтен адам сияқты», – дейді марқұмның анасы.
Бұған дейін, Әділет Зейнелдің адвокаты оның «жәбірленуші» статусынан бас тартатынын мәлімдеген еді.