Құдыққа құлаған түйені аман алып шықты
Жарияланды

Қызылорда облысы Арал қаласында түйе ашық құдыққа құлап кеткен. Құтқарушылар келіп, жануарды құтқарып алды.
112 kz ақпаратына қарағанда, пультке түйені құтқару туралы өтініш келіп түскен.
«Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ арнайы техникасы жұмылдырылды. ТЖМ қызметкерлері түйені құдықтан шығарды. Біз үшін әрбір өмір маңызды», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Мұның алдында құтқарушылар әжетхана құбырына екі аяғы қысылып қалған бір жасар баланы шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған еді.