Магистратураға бөлінген 1 100-ден аса грант игерілмей қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды/фото: shutterstock

Биыл магистратураға бөлінген 1100-ден аса грант игерілмей қалды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл магистратураға 10 462 білім беру гранты бөлінді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 9 344 адам грант иегері атанды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті басқармасының басшысы Жандәулет Құдайбергеновтің айтуынша, оқуға түскен азаматтар оқуға қабылдану рәсімінен өтуге тиіс. 

Айта кетейік, магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. 

Магистратура грант иегерлерінің тізімі мына жерде жарияланды. Сондай-ақ елде екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Конкурсқа әдетте құжат қабылдау қарашада басталады.

Сондай-ақ оқыңыз