Желіде Бауыржан Байбектің Жапонияда жүрген суреті тарады
Жарияланды

Әлеуметтік желіде Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің Жапонияда жүрген сәті бейнеленген суреті тарап кетті.
Bakordamems парақшасының жазуынша, Бауыржан Байбек «сакура гүлдеген маусымды тамашалауға келген».
Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек 2015–2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Бұған дейін және кейінірек (2013–2015, 2019–2022) Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін көпшілік алдында көрінбей кетті.