Шерзат ісі: сотта дүкендегі жанжал неден туғаны айтылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Шерзат ісі: Сотта дүкендегі жанжал неден туғаны айтылды
Шерзат ісі: сотта дүкендегі жанжал неден туғаны айтылды/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шерзат Полаттың қазасына қатысты басталған сотта прокурор айыптау актісін оқып, адам өліміне соқтырған жанжал неден әрі қалай басталғанын айтып берді.

Әскентайдың келуі

2024 жылғы 3 қазан күні 23:22-де күдікті Әскентай мас күйде Талғардағы Қамажай дүкенінен сыра, темекі алады да, дүкеннің сыртында тұрады. Ол кезде дүкен кассасында Қаржаубай Нұрымов болған.

Әскентай арасында телефонын қуаттап беруін сұрап, дүкенге кіріп-шығып жүреді. Осы аралықта дүкенге марқұм Шерзат келеді. Кейінірек ол сыртқа шығып, Әскентайды бақылап тұрады. Осы сәтте Әскентай дүкенге кіріп, қуаттағыштағы телефонын алып, қайтадан сыртқа шығып, сыра ішуін жалғастырады.

Шерзат неге ұрды

23:52-де Шерзат Әскентай әкесі Қаржаубайға балағат сөздер айтты деген себеппен, Әскентайды көзінің тұсынан екі рет ұрып жіберген. Мұны көрген Қаужайбай сыртқа шығып, Шерзатқа ескерту жасап, Әскентайдың бетін сумен жуады. Баласының әрекеті үшін Әскентайдан кешірім сұрап, жарақатын өтеп беретінін айтады. Алайда Әскентай Нұрымовтың кешірімін қабылдамай, телефон арқылы танысы Тоқтаубаевты шақырады. Ол өзімен бірге демалып жүрген танысы Ысқақтың көлігімен Қамажай дүкеніне келеді.

Жанжалға Нұрқанаттың араласуы

Оны көрген Қаржаубай інісі марқұм Нұрқанатты шақырады. Нұрқанат Әскентай мен Тоқтабаевтан кәмелетке толмаған інісі үшін кешірім сұрап, Әскентайды балалықпен ұрып жібергенін айта отырып, мәселені жанжалсыз шешуді сұрайды. Мән-жайды толық білместен, Әскентайды кінәлап, жасаған саудасы үшін 1 жарым мың теңге төлемей кеткенін айтады. Тоқтабаев Әскентайдың кінәсін түсініп, өздері келген көлікпен кетіп қалады.

Кеткендер неге оралды

Алайда Әскентай жолда Kaspi-інен төлем жасалғанын растайтын чекті көрсетеді. Осы кезде  Әскентай мен Тоқтаубаевта Нұрқанат пен Қаржаубайды кешірім сұрату туралы ой туып дүкенге қайта оралады. Ары қарай жағдай ушығып, жанжал төбелеске, төбелес, адам қазасына әкеп соғады.

Айта кетейік, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда Талғар қаласында отбасылық дүкеннің жанында болған төбелес кезінде кісі қолынан қаза тапқан. Ұзамай әлдекімдер марқұм тұрған үйді өртеп кетті. Арада екі ай өткенде Шерхзаттың ағасы, қайғылы оқиғадағы негізгі жәбірленуші әрі куәлердің бірі Нұрқанат Ғайыповтың мәйіті табылды. Ресми органдар ол өзіне қол салғанын мәлім етті. Жасөпірімнің қазасына байланысты о баста 11 адам қамалғаны айтылған, бүгінгі сот отырысына 9 адам әкелінді. Үйді өртеу ісі бойынша кінәлі табылмады.

Сондай-ақ оқыңыз