Ресурсы

ИГ-ның басшысы Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылды

Лаңкестік топ көшбасшысының орнын басуы мүмкін деген содырлардың да аты атылынып қойды

Сирияның Идлиб провинциясында жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде, американдың сегіз тікұшақ қолданылып, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ИГ, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылды.

Бұл ақпарат сәл бұрынырақ пайда болған-ды, артынан, оны баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп та растады.

Ирактың күш құрылымдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған ТАСС  Идлибтегі операция өткен түнде жүзеге асырылып, бір жарым сағатқа созылған деп хабарлады. Дереккөздер соққылардың нәтижесінде, аль-Багдадидің екі әйелі және бір бүлдіршінді қосқанда, тағы алты адам қаза тапты деп сендіреді. Атап айтарлығы, аль-Багдади мен оның әйелдері жарылғыш құралдарын өздері іске қосуы мүмкін дегенді де жоққа шығаруға болмайды дейді.  

Абу Бакр аль-Багдадидің орнын оның ең жақын екі көмекшісі басуы мүмкін делінуде. Жексенбіде Al Mayadeen телеарнасы хабарлағандай, ИГ-ның басшылығына Абу Абдель Рахман аль-Джезрауи және Абу Осман аль-Фаранси сияқты содырлар келуі мүмкін.

Бұдан дұрын, Newsweek журналы сенбі күні Сирияның Идлиб провинциясындағы арнайы операцияның нәтижесінде, ИГ басшысы Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылғаны туралы хабарлаған болатын. Журналдың мәліметтері бойынша, арнайы операция сенімге ие барлау деректері алынғаннан кейін, Пентагонның арнайы операциялар басқармасының Біріккен басшылығы тарапынан жүзеге асырылған. АҚШ-тың Құрлықтағы әскерлерінің операция туралы хабардар өкілі журналға аль-Багдадидің көзі жойылғанын хабарлаған.

Атышулы лаңкес аль-Багдадидің көзі жойылғаны туралы түрлі нұсқадағы ақпарат көптеген жылдардан бері БАҚ-тың бетінен түспей келеді.