Новости

«Кселл» АҚ-ның III тоқсандағы сауда түсімі 6%-ға артты

Бұл туралы компания есебінде айтылған

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ның таза сату көлемі 6,1%-ға өсіп, 41,1 млрд теңгені құраған.
 
Компанияның операциялық пайдасы бір жолғы шығындарды есепке алмағанда, 57,6 пайызға артып, 10 419 млн теңгені құраған. Бұл ретте таза пайда көлемі 10 907 млн теңгеге дейін өскен. Таза пайданың өсуіне себепкер – 5 млрд теңгеден аса салық пен  соған қатысты айыппұлдарды есептен шығарылуы.

Қазіргі кезде компания қызметін 8,4 миллион абонент тұтынады. 

«Үшінші тоқсанда ARPU көрсеткіші 19 пайызға өсті, бұл оң үрдіс негізінен топтамалық ұсыныстарды қалайтын абоненттер қатарының артуына байланысты қалыптасты. Қазіргі уақытта олар компанияның абоненттік базасының жартысын құрайды», – деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры және Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис.