Алматы облысы әкімінің орынбасарына қарсы қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано
Шенеунік аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын растады.

«Иә, қылмыс оқиғасының болмауына байланысты, оған (Мәнізоровқа. – «Курсив») қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бас прокурор тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарына заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыным енгізілді», – деді мәжіліс дәлізінде бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Естеріңізге салсақ, Мәнізорвтың қамауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерге шыққан болатын. Онда әкімнің орынбасары 26-қыркүйекте қамауға алынғаны туралы хабарланған-ды. Артынан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл фактіні растаған еді.

Бағдат Мәнізоров қызметтік лауазымын пайдалана отырып, аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Читайте также