Асылжан Мамытбеков: Қазақстанда етті мал шаруашылығы сала ретінде қалыптасты
25-26 қазанда Ақмола облысында ет саласында кәсібі бар 150-ден астам бизнес субъектіснің қатысуымен ІІ Ет туры өтті. Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер «KazBeef» ЖШС-дегі мал бордақылау алаңында болып қайтып, барлық ірі қара мал тұқымдарының арасынан үздік асыл тұқымды малдарды анықтады, ең бастысы саланың жалпы міндеттерін талқылады. Шараға Қазақстанның Ет одағы мен ірі қара малдың тұқымдары бойынша палаталар мұрындық болды.
«Етті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламаның ең басты міндеті технологиялық тізбекті құру мен еңбектегі міндеттерді бөлуді енгіз болды. Бұл әркімнің өз жұмысын істеуі үшін, тізбек буындары арасында байланыстың болуы үшін жасалды», – деп түсіндірді Қазақстан Ет Одағы басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков.
Ол, сондай-ақ, бәрі ұмтылған мақсаттар: өзіндік тұқым репродукторының болуы, өзінің жемдеу шаруашылығының және өзіндік кішігірім ет комбинатының болуы «табиғи шаруашылық» ыңғайынан кетудің маңыздылығын тілге тиек етті. Салаға өнеркәсіптік ыңғай қажет.
Жаңадан құрылған Ақтөбе облысының ет кластері саланың барлық қатысушылары ынтымақтастығының жарқын мысалы бола алады. «Актеп» компаниясының жанынан 350-ден астам фермерлер бірлесіп, асыл тұқымды бұқаны алады, өз бұқаларын жемдеуге береді, лизингіге техника, жем, ветеринария, қаржы бойынша кеңес түріндегі көмек алады, көптеген басқа да аспектілер бойынша бірге қызмет етеді. Мал бордақылау алаңы өзін-өзі тұрақты сатып алумен қамтамасыз етеді және ет комбинатының қуатын жүктейді.
«Фермер өзінің шектеулі жер және шаруашылық жағдайларында қыста салмақ қоспайтын тіпті, арықтап кететін бұқаларды емес малдардың аналығын (сиырларды)қалдырған жөн екенін түсінеді. Оның осыншама бас малды шоғырландыра күтетін мүмкіндігі жоқ», – деген А.Мамытбеков фермерлердің бұқаларды мал бордақылау алаңдарына қалай тапсыра бастағанын айтып берді. Тізбек дұрыс технология бойынша жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында берілген субсидиялардың арқасында жұмыс істей бастады.
Алайда бұл әрқашан олай болған жоқ. Небары 10 жыл бұрын ет саласы жеке-дара элементтер жиынын білдірген, классикалық түсінікте мал бордақылау алаңдары мүлде болған жоқ, ал саланың ірі ойыншылары 100% субсидия ала отырып, мал басы санының ұлғаюына әкелмейтін немесе өнім сапасын арттыруға әкелмейтін мақсаттарды көздеген.
Асыл тұқымды шаруашылық
Саланы реформалағанға дейін асыл тұқымдылық статусы малға емес шаруашылыққа берілген. Бұл дегеніміз асыл тұқымды мал шаруашылығындағы кез келген мал асыл тұқымды деп есептелінген болатын. Асыл тұқымды шаруашылық статусы кішігірім талаптар жиынына сәйкестік бойынша әкімдік жұмыскерлерімен берілетін, ал асыл тұқымды ауыл шаруашылығына субсидиялар тікелей төленетін.
«Бұл бірден асыл тұқымды ауыл шаруашылығының міндеттерін анықтады, олардың мақсаты өзіндік асыл тұқымды малдарды жақсарту және оны одан әрі нарықта сату емес, асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алу болды, өйткені субсидиялар автоматты түрде жүре беретін. Субсидияларды министрлік шенеуніктері растады, бұның бәрі шарттық негізде болатын. Жұмысты жақсартуды ынталандырудың нарықтық бақылауы механизмі де жоқ болатын, тек жаңа асыл тұқымды шаруашылықты ашу үшін төлдейтін мал сатылып алынып, ал бұқалардың бәрі пышақ астына алынды», – деді А. Мамытбеков.
Нәтижесінде малдардың сапасы төмендеді: қазақтың ақ бас тұқымы кеңестік ғалымдар өсіріп шығарған эталонға тек 40% сәйкес келді; инбридинг, номинал іріктеу-асыл тұқымдылық жұмыстары және сонымен қатар 2,5 мың асыл тұқымдылық инспекторлары бұл үшін мемлекеттік бюджеттен жалақы алды.
Не өзгерді?
- Асыл тұқымдылық статусы шаруашылыққа емес жануарларға берілетін болды. Бұл жұмысты бүкіл әлемдегідей бизнесмендер, ассоциациялардың өздері саланы өзін-өзі реттеу принципі бойынша орындайды;
- субсидияларды асыл тұқымды өнімді өндірушілерге емес сатып алушыларға бағыттады. Дәлірек айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы асыл тұқымды өнімді сатып алушыларды қолдау және ынталандыру үшін жұмыс істейді, ал жеке меншік иесі, әрине, сатып алынатын өнімнің сапасына назар аударатын болды. Өз кезегінде сатып алушы мал басын асыл тұқымды түрлендіруге қатысқаны үшін субсидиялар алады, бұл ақырында үздік нәтижеге кепілдік береді. Қазір етті мал шаруашылығында барлық субсидиялардың 90% кіші және орта фермерлер, тек 10% – мал бордақылау алаңдары алады;
- субсидияларды жыл соңында бір рет емес айына бір рет төлейтін болды, содан соң ол толықтай АСЖ жүйесі арқылы автоматтандырылды. Бұл мемлекеттік қолдау алу процесін әсіресе кіші және орта фермерлер үшін айтарлықтай жеңілдетті;
- барлық кесімді баға мен барлық бекітулерді алып тастады, яғни бұл салада нарықтық жағдайлар жасалды. Алдында белгілі бір аудан белгілі бір асыл тұқымды шаруашылықтан ғана, сонымен қатар белгіленген бағаға сатып ала алатын. Мұндай жағдайларда асыл тұқымды жұмыстың мәні болған жоқ, сондықтан тауарлық табынның генетикасы жақсартылмай, бұқалар сойылды.
Бұл асыл тұқымды бұқаларға нарықтағы сұраныстан асып түсетін сұраныс тудырды.
Импорт
«Барлық фермерлерді асыл тұқымды малмен қамтамасыз ету үшін, фермердің бұл бұқаны сатып алуға жағдайы жету үшін, оны импорттау керек деген шешім қабылданды. Өйткені өзіңіз білетіндей, нарық заңы бойынша, сұраныс ұсыныстан көп болған жағдайда, баға өсе бастайды. Асыл тұқымды мал шаруашылығы үшін шұрайлы жылдары асыл тұқымды өнімнің тірідей салмағының 1 кг үшін бағасы 2,5-3 мың теңгеге жетті. Барлығы: «Бізге сол импорттың керегі қанша? Біздің малдар жойылып кетеді! Бізде өзіміздің тұқымдарымыз бар»,- деп жатты. Ешкім де біздің тұқымдарға қарсы болған емес. Жай ғана олардың саны аз болды», — деп мәлімдеді А. Мамытбеков.
Импорттың қажеттігіне екі негіздеме бар:
- малдың нақты жетіспеушілігі: баға 3-4 есе өсті, өйткені сұраныс болды, бірақ оны ұсыныс өтеген жоқ;
- асыл тұқымды шаруашылық арасында және тұқымдар арасында бәсекелестіктің қажеттігі, бұл сапаны жақсартады.
- Қажетті салада асыл тұқымды малдың үлесінің ең кем деңгейі 10% қол жеткізу.
Асыл тұқымды мал өсіру ісі бір орында тұрған жоқ: қолда бар тұқымдарды тұрақты түрде жақсартып, өнімділік, бейімділік және басқа да қажетті сапаларды іріктеп отыру қажет.
«Бұл Кеңестік немесе посткеңестік ауыл шаруашылық министрлігінде қолжетерлік болды ма? Тіпті, мұндай міндеттер қойылған да жоқ, ал қазір ассоциациялар бұл міндеттерді шенеуніктерге қарағанда ақылды болғандықтан емес, нарықтық бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтіндіктен көріп тұр және солармен жұмыс істейді. Бұның өзі жетістік!» – деді А.Мамытбеков.
Осылайша, Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіру ісін реформалау асыл тұқымды малдар санының көбеюіне әкелді. Оның негізінде асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және асыл тұқымды бұқа қолданылған жағдайда төлдейтін малдың әр басына субсидия алумен ынталандырылған фермерлердің тарапынан түсетін сұраныс жатыр.
Қазақтың ақ бас сиыры және Әулиекөл сиыры тұқымдары
«Ет одағы тек ангус немесе герефорд тұқымдарын өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің мүдделерін қолпаштайды деген жалған пікір. Барлық тұқымдар өзінше жақсы. Егер жақсы болсаң, дамы, базарға барып, өзіне ет емес, өндіріске қажетті құралды (кейін бордақылау алаңына әкелінетін бұқаны) сатып алатын фермерлердің талаптарына жауап бер», – деп түсіндірді А. Мамытбеков.
2020 жылы қазақтың ақ бас сиыры тұқымының 70 жылдығы аталып өтеді. 2017 жылы тұқымды дамыту бағдарламасы бекітілген болатын: қазақтың ақ бас сиыры тұқымы жөніндегі ғылыми бағдарлама бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Ол аталмыш тұқым бойынша қандай жұмыстарды атқару, қай қасиетін дамыту, оны қалай істеу керектігін анықтауға көмектеседі. Геномдық талдаудың заманауи әдістері асыл тұқымды жануар ұрпағының өз қасиеттерін танытуын күтпей-ақ, қан арқылы бұқаның мүмкіндіктерін, оның тұқымының сапасын анықтауға көмектеседі.
«Ет одағында біз белгілі бір тұқымды дамытуды мақсат етпейміз. Бізге ешкім де бір-бірінен қалмауы үшін бәсекелестік керек. Бүгінгі көрсеткіштер осының бірден бір дәлелі бола алады. Бұрын бізге импорт басталған кезде қазақтың ақ бас сиыры және әулиекөл сиыры тұқымдары жоғалып кететіндігін айтқан болатын. Алайда нарықтық өлшемдер өз нәтижелерін беруде», – деп атап өтті А. Мамытбеков.
Ол реформалардың мемлекет шығынын қысқартқандығын, ал тұқымдардың дамып жатқандығын алға тартты. «Ия, қазіргі таңда оларды сатумен байланысты бірқатар мәселе бар. Алайда мұны сын-тегеурін деп бағалау керек. Бұл сын-тегеурін болмағанда, сіздер қазір қол қусырып отырар едіңіздер. Қазақтың ақ бас сиыры тұқымының сатылым көрсеткіштері бойынша ангусқа қарағанда артта. Сын-тегеурін деген осы, оған жауап беру керек. Не себепті артта? Түсіндіру және жарнамалау жұмыстарын, сапаны арттыру жұмыстарын күшейту, турларға апару керек», – деді Ет одағының басқарма төрағасы зауыт иелеріне қарата.
Әулиекөл сиыры тұқымына қатысты жағдай да осыған ұқсас.
Сондай- ақ, басты мақсат малдың асыл тұқымын дамыту және олардың санын арттыру емес. Міндетіміз – тізбектің әр қатысушысы өз еңбегі үшін лайықты сыйақысын алатын кірісі мол бизнесті құру.
Мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кешендері
«Бұрын мал бордақылау алаңы деген түсінік мүлде болмаған. Су шелектермен, мал азығы зембілмен тасылатын. Ол кезде субсидиялар 50 бас малды бордақылау мүмкіндігі бар шаруашылық иелеріне берілетін. Біз қойылатын талаптарды күшейткенде, кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Алайда баршамыз қиындықтарға төтеп бердік. Қазіргі таңда мал бордақылау алаңы кем дегенде 1000 мал басына лайықталуы тиіс. Ол кезде бізден: «Мал басының мұндай санын қайдан жинайсыз? Оларға қалай жем бересіз?» – деп сұрайтын. 2019 жылы бізде 20 мың бас малға лайықталған мал бордақылау алаңдары бар», – деді А. Мамытбеков.
Малды бордақылау – бұл технологиялық процесс. Мұнда тиімділік: өндірістің өзіндік құнының төмендігі мен салмақ өсімінің көптігі маңызды. Бұл технологияларды сақтау, еңбекті автоматтандыру, құрылған бизнес-үдерістер кезінде мүмкін болады.
Салыстырып қарасақ, Аустралия сияқты елдерде 30 мың бас малға лайықталған мал бордақылау алаңы ең оңтайлы өндіріс болып табылады. Оған 12 адам қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның өз ет комбинаты жоқ. Өйткені бұл тиімсіз.
Аустралиялықтар жылына шамамен малдың 500 мың басын (бір ауысымда – 2000 басын) сою мүмкіндігі бар ет комбинатын тиімді деп есептейді.
Қазақстанда өндірістік қуаттылығы бір ауысымда ірі қара малдың 100-120 басын құрайтын ет өңдеу кешені жұмыс істейді. Ірі трансұлттық компаниялар қуаттылығы бір ауысымда 300, дұрысында 2000 мал басын құрайтын ЕӨК-нің құрылысына инвестицияларды қарастыруда. Кешендер эволюциялық жолмен, олардың қуаттылығын жүктеу мүмкіндіктеріне қарай дамитын болады.
Міндеттер
Осыдан небары 10 жыл бұрын технологиялық тізбектің барлық элементтері жеке-жеке жұмыс істеді, мал бордақылау алаңдары мүлде болған жоқ, фермерлік шаруашылықтардың да саны аз еді. Совхоздар күйреп, мал басының саны 10млн-нан 3 млн-ға дейін қысқаруына байланысты еттің 85% өзңндңк қосалқы шаруашылықтарда өндірілген болатын. 2019 жылы ет өндіру сала ретінде қалыптасып, әлем нарығының бөлігі ретінде жұмыс істейді. Ұйымдасқан шаруашылықтардағы (фермерлік шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдары, асыл тұқымды малды көбейтумен айналысатын кәсіпорындар) малдың үлесі 50%-дан асты. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ет саласында жұмыс істейтін 25 мыңға тарта фермерлік шаруашылық бар және олардың саны күн сайын артуда.
Енді алдымызда процесстерді кеңейту және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа міндеттер тұр. Маңыздысы:
- Салаға барынша көп адамды-фермерді тарту, олардың өз ісін ашуы үшін жермен, жеңілдікті несиемен қамтамасыз ету;
- аналық мал басын арттыру, көптеген ресурстары бар біздің ел үшін 7-8 млн бас – өте аз;
- мал генетикасын жақсарту;
- мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу комбинаттарының тиімділігін арттыру.