Салықшылар табысын жасыратын бизнесті қалай анықтайтындықтарын айтты

Опубликовано
Старший корреспондент отдела Business News
Бұл үшін онлайн-кассалық-бақылау машиналарының мәліметтері мен үшінші тұлғалардың ақпараты сарапталады екен

Онлайн-кассалық-бақылау машиналарын (КБМ) іске қосудың арқасында бюдждет қосымша 28 млрд теңгеге толықты, деп хабарлады қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

«Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, ақпаратты онлайн-режимінде көруіміздің арқасында, 28 млрд теңгеге жуық ақша түсті. Бір жағынан, каасалық-бақылау машиналарын орнатуды талап ете отырып, біз динамиканы көріп отырмыз, оны барлығы орнатып жатыр, ал ақпарат алғанда, біз үлкен мейрамхананың бір күнде бір чек шығаратынын», –деді ол 1-қарашадағы баспасөз мәслихатында.

«Атап айтарлығы, бизнес шағымданады, бірақ біз кәсіпорынның шынайы емес ақпарат бергенін көріп отырмыз», – деді сөзін нақтылай түскен вице-министр. Осы орайда, ол онлайн КБМ-ды қосу салық төлеушілер тарапынан осындай құқық бұзушылықтарды көруге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Дегенмен Еңсебаев 2020 жылғы 1-қаңтардан тағы да 400 мыңнан астам салық төлеушілердің КБМ-ды онатуы ақшалай күйде қандай әсер беретіні туралы айта алмады.

Бұдан тыс, салық органдары үшінші тұлғалардың ақпараты бойынша айналымын төмендететін кәсіпкерлерді анықтайды екен. Атап айтқанда, вице-министр көлік жуатын орындардан түсетін салық алымдарын қалай көбейтуге қол жеткізілгенін мысал ретінде келтірді. Олардың иелері тәлігіне екі көлік жуылғанын калға тарқан, ал пайдаланылған су мен электр энергиясының көлемі бұл көрсеткіштің одан ондаған есе көп екенін көрсеткен.

Читайте также