ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «ерікті қатарында жүрген кездер еңбек өтіліне есептелуі мүмкін», деп мәлімдеді.
«Бұл мәселе әлі талқыланып жатыр, біз нормативтік-құқықтық базаны жетілдіреміз, соның ішінде, ерікті ретіндегі тәжірибесі еңбек өтіліне есептелуі немесе оқуға түсер кезде ескерілуі мүмкін. Бұл атүсті қарай салатын мәселе емес, сондықтан оны жан-жақты зерттейтін боламыз», – деді министр.
Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі кезде еліміздегі 200-ден аса еріктілер ұйымы 50 мың адамның басын біріктірген.
Сондай-ақ «Біргеміз» тұжырымдамасы аясындағы жеті жалпыұлттық жоба шеңберінде барлық өңірлерде Волонтерлік қызметті қолдау орталықтары құрылатын болады.